8 тамыз күні ұлы ақын, ойшыл Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған іс-шаралар аясында педагогтер арасында зияткерлік «Дарабоз» ойыны өтті.
Ойынның мақсаты – Абай мұрасын насихаттау, оның өмірі, шығармашылығы, философиялық және тәрбиелік идеялары туралы білімді тереңдету.
Қатысушылар өздерінің жоғары білім деңгейін, ұйымшылдықты және мәдени мұраға деген құрметтерін көрсете білді. Ойын мағыналы да шабытты, жылы әрі достық атмосферада өтті.
Барлық ұстаздарға белсенді қатысқандары үшін алғысымызды білдіреміз.
Ұлы Абайдың мұрасы – ұрпаққа аманат.