6 тамыз күні ұлы қазақ ақыны, ойшылы және ағартушысы Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған қалалық «Абай оқулары» байқауы өтті. Аталған байқауға мектебіміздің оқушысы Салиева Акниет қатысып, өзінің өнерін жоғары деңгейде көрсетіп, белсенді қатысқаны үшін алғыс хатпен марапатталды. Жетекшісі – Жусипова У.А. Акниетті шын жүректен құттықтап, шығармашылық табыс тілейміз.