8 тамызда біздің мектебіміз қала көлемінде өткен «Әлем мойындаған Абай» атты квестте 1-орын иеленді!
Бұл іс-шара ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған болатын. Квест барысында қатысушылар Абайдың өмірі мен шығармашылығына қатысты түрлі кезеңдерден өтіп, білімдерін, тапқырлықтарын, ұйымшылдықтарын көрсетті.
Біздің оқушылар барлық кезеңдерден сәтті өтіп, ең жоғары ұпай жинап, үздік команда атанды!
Жеңімпаздарымызды шын жүректен құттықтаймыз! Ұлы Абайдың мұрасын насихаттауға қосқан үлестеріңіз үшін алғыс білдіреміз! Жетекшісі Гайсина А.А.