31 мамыр мен 1 маусым аралығында 5 «А» сынып оқушысы Алипова Арина Отанымыздың жүрегі — Астана қаласына барып қайтты!
Балаларды қорғау күні қарсаңында Аринаға ерекше мүмкіндік бұйырды — Қазақстан Республикасының Президенті резиденциясы — Ақордаға экскурсия жасау.
Қостанай облысынан оқуда, өнерде, спортта және азаматтық белсенділікте өзін ерекше қырынан көрсеткен бес үздік оқушы іріктелді. Солардың қатарында — біздің Аринаның болуы — зор мақтаныш!
Сапар барысында қатысушылар елордамыздың көрнекті орындарымен танысты: Бәйтерек, Ұлттық музей, сондай-ақ Ақорданың салтанатты залдарын аралап, арнайы сыйлықтар мен ұмытылмас әсерлерге ие болды.
Арина өз ризашылығын білдіріп, ұйымдастырушыларға шынайы алғысын айтты және осындай маңызды іс-шараның бір бөлігі болғанына қуанышты екенін жеткізді.
Бұл оқиға оның жүрегінде мәңгі жарқын әрі шабыттандыратын сәт ретінде сақталары сөзсіз!
Аринаны осы маңызды жетістігімен құттықтаймыз!