31 мамырда біздің «Шамшырақ» педагогикалық отряды үшін аса ерекше, қуанышты күн болды!
Біз ІІІ Облыстық «Болашақ педагогтер» слётына қатысып, өз күшімізді, ұйымшылдығымызды және шығармашылығымызды тағы бір мәрте дәлелдей алдық. Бұл слёт – жас ұстаз болуға ниетті, жүрегінде оты бар талапты жастардың басын қосқан үлкен алаң болды.
Слёт барысында түрлі қызықты сайыстар, тренингтер, шығармашылық тапсырмалар ұйымдастырылды. Әр команда өзін жан-жақты көрсете білді. Ал біздің «Шамшырақ» отряды ұранмен ғана емес, ұйымшылдықпен, біліммен, ерекше ойларымен көзге түсіп, II орынға ие болды!
Біз әлі талай биіктерді бағындыратынымызға сенімдіміз! Слётті ұйымдастыруға педагогикалық отрядтың мүшесі Есимова Аяжан белсене қатысты.