Ғылым ғажайыптары – біз үшін жаңа белес!
11 сәуірде «Шамшырақ» педагогикалық отряды қалалық «Ғылым ғажайыптары» сайысында өз білімін, өнерін, ой-ұшқырлығын көрсетіп, үздіктер қатарынан көрінді!
Сайыс барысында мына кейстар бойынша қатысушылар білімі мен қабілеттерін сынады
«Оқуға құштар» аялдамасы
«STEM» зертханалық жұмыстар
«Эссе» аялдамасы
«Шығармашылық» аялдамасы
«Дебат» пікірталасы
«Анимация»
«Эврика» аялдамасы (Химия мен физика салалары бойынша)
Бұл сайысқа біздің «Шамшырақ» педагогикалық отрядының мүшелері:
Есимова Аяжан 10 «ә»
Насир Маржан 10 «ә»
Ниязбекова Айдана 11 «ә»
Айтуарова Жібек 11 «ә» қатысқан болатын.
Нәтижесінде «Шамшырақ» командасы тартысты ойында озып шығып, БАС ЖҮЛДЕ иеленді!
Әр аялдамада білім, шығармашылық және командалық рухымызды көрсетіп, нағыз жарыста жеңіске жеттік!
Бұл жеңіс – бірліктің, еңбектің және шабыттың нәтижесі!
Қалалық «Ғылым ғажайыптары» сайысын жоғары деңгейде ұйымдастырған
«Бейімбет Майлин атындағы №7 мектеп-гимназиясына» алғысымызды білдіреміз!
Жарыс барысындағы жылы атмосфера, әділ бағалау мен тамаша ұйымдастыру жұмыстары бізге шабыт пен серпін сыйлады
Біз – Шамшырақпыз!
Жарқырай бер, білім жолындағы жастар!