22 сәуірде Міржақып Дулатұлының 140 жылдығына орай ұйымдастырылған облыстық пікірсайыс турнирінде мектебіміздің ұстаздар командасы жүлделі ІІ орын иеленді!
Сондай-ақ, ерекше шешендігімен көзге түсіп, пікірталас алаңында дараланған Сыбан А.А.
«ЕҢ ҮЗДІК СПИКЕР» атағына лайық деп танылды!
Ұстаздарымыздың білімге деген құштарлығы мен үздіксіз ізденісі – өзгелерге үлгі.
Сіздерге шығармашылық табыс пен жаңа жетістіктер тілейміз!