17-18 сәуір күндері Түркістан қаласында бүкіл елімізден 70-тен астам дарынды оқушыны біріктірген Республикалық «Ясауитану» байқауы өтті.
Біздің 9 «Ә1» сынып оқушысы Джаббаров Рамазан байқауға қатысып, өз шеберлігін лайықты түрде көрсетіп, қатысушы дипломымен марапатталды!
Бұл жай ғана диплом емес — бұл оқушы мен оның жетекшісі Сабитова Г.Ж. тарапынан атқарылған үлкен де тиянақты еңбектің нәтижесі.
Құттықтаймыз! Жаңа жеңістер мен шығармашылық шабыт тілейміз! Жарайсың, Рамазан! Біз сенімен мақтанамыз!