23 сәуір күні «Қазақстан балалары мен жастары – Қазақстан қоғамының стратегиялық құндылығы және болашақ адами капиталы» тақырыбында мектеп Парламентінің қалалық көшбасшылар слеті өтті.
Қала мектептерінің парламенттері аталған іс-шараға белсенді қатысып, шығармашылық форматта бір-бір министрлікті таныстырып, сол бағыттағы жетістіктерімен бөлісті.
Слет мектеп өзін-өзі басқаруын дамыту, тәжірибе алмасу және жаңа идеялармен шабыттану алаңына айналды!