16 сәуір күні өткен “Ахметтің өшпес өнегесі” атты облыстық танымдық форумда мектебіміздің ұстаздары жоғары нәтиже көрсетті!
Тарих пәні мұғалімі Сыбан А.А. байқауда үздік өнер көрсетіп, жүлделі I орынға ие болды.
Ал қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Жусипова У.А. мен тарих пәні мұғалімі Байтилеуова М.Д. білім беру ісіне қосқан үлестері үшін алғыс хаттармен марапатталды.
Ұстаздарымыздың еңбегі еленіп, жетістіктері қуантады! Сіздерге шығармашылық табыс, биік белестер тілейміз! Жарайсыздар!