Бүгін 22 сәуір – Жер күні аясында, мектебіміздің ұжымы үш ай бойы жинаған пластик қақпақтардың алғашқы бөлігі тапсырылды. Барлық қақпақтар облыстық «Қоскөмек» қайырымдылық акциясына қатысу үшін «Neko» экоклубына жолданды.
Бұл акция – қоршаған ортаны қорғап қана қоймай, мұқтаж жандарға көмек көрсетуге мүмкіндік беретін керемет үлгі. Әрбір ізгі іс – үлкен нәтижеге бастар қадам!
Қақпақ жинауға белсене атсалысқан оқушыларға, ата-аналарға және ұстаздарға алғыс білдіреміз! Бірлікте – біз күшпіз!
Акциямыз жалғасуда. Жобамыздың бір бөлшегі болуға шақырамыз!