Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай 3 «Ә» сынып оқушылары «Әскердегі сарбазға хат» республикалық жастар акциясына белсене қатысты!
Аталған челлендж әлеуметтік желілерде өтіп жатыр және оның мақсаты – мерзімді әскери қызметтегі сарбаздарға қолдау көрсету, оларға мотивация беру.
Оқушылар жүрекжарды алғыстарын, тілектерін білдіріп, еліміздің қорғаны – сарбаздарға арнап бейнежолдаулар жазды.
Осылайша, олар қазіргі сарбаздарға ғана емес, сонымен қатар ел тарихында өшпес ерлік жасаған ардагерлерге деген құрметтерін білдірді.