7 сәуірде 11-сынып оқушылары «Казарманың бір күндік өмірі» жобасы аясында әскери бөлімге экскурсия жасады. Іс-шара Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық құрылтайдың 2024 жылғы 15 наурызда өткен «Адал адам — Адал еңбек — Адал табыс» ұранымен өткен отырысында берілген тапсырмалар негізінде және идеологиялық салада қойылған міндеттерді іске асыру жоспарына сәйкес ұйымдастырылды.
Экскурсия барысында оқушылар әскери қызметшілердің күн тәртібімен танысып, Қарулы Күштердегі идеологиялық жұмыстың ерекшеліктері мен «Біртұтас ел — Біртұтас жер» қағидасына негізделген жастарға патриоттық тәрбие берудің маңыздылығы туралы мол мағлұмат алды.