Шаңырақ – бірлік пен татулықтың символы, әр отбасының, әр елдің берекесінің бастауы. Бұл күні үлкендер ақ батасын беріп, ақ тілектерін арнайды.
Ұлттық құндылықтарымызды дәріптеп, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсететін күн!
«Наурыз бата» – елге амандық, жерге құт-береке тілеудің айғағы.
Ізгі ниетпен айтылған әрбір бата – ұрпаққа аманат!
Шаңырақтарыңыз биік, керегелеріңіз кең, бақ-берекелеріңіз мол болсын!