«Жетістігімді еліме арнаймын!» челленджі аясында Тәуелсіздік күніне орай оқушылар, мұғалімдер және түлектер командалары арасында баскетболдан жолдастық кездесулер өтті (жетекшісі – Тойғамбаев Б. С.). Ойындар достық әрі жылы атмосферада өтті.
Оқушылар жақсы ойын көрсетті, дегенмен түлектер өздерінің техникасы мен командалық ойыны арқылы ерекше көзге түсті. Оқушыларымызға үйренері көп!