Мектебімізде 23-27 қыркүйек аралығында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің интербелсенді алаңы өтіп жатыр. Тақырыбы: «Тіл тағылымы тарихи тұлғалармен» болып табылады. Соған байланысты биылғы атаулы тұлғалардың мерейтойына қатысты іс-шаралар өткізіледі. Атақты суретші, қылқалам шебері Әбілхан Қастеевтің 120 жылдығына орай»Менің Отаным-Қазақстан» атты жас суретшілер байқауы өтті. Байқау қорытындысы бойынша Жамаладинов Мерей (5ә)- 1орын, Мұрат Елнұр(5ә), Умаров Вусал (5в)-2 орын, Нурышбеков Елжан, Нурышбеков Сержан (5ә)- 3 орындарға ие болды.
Ақпарат дайындаушы ӘБ жетекшісі: Мадьярова А.Т.