«Біртұтас тәрбие» бағдарламасын жүзеге асыру аясында мектепте қызықты және танымдық іс шаралар өткізілуде. Соның бірі айтыс ұйымдастыру болды. Ағымдағы жылдың 9 қазанында қатысушылар тапқыр өлеңдер мен терең ойлармен алмасып, өз өнерлері мен шығармашылықтарын паш еткен тартысты сайыс өтті. Іс шарамыздың қонақтары «Жадыра» халықтық вокалдық ансамблі, сонымен қатар көптеген әндердің авторы Жұмабеков Үсебай қатысты.
«Жадыра» ұжымы өз репертуарындағы бірнеше әндерді орындап, кездесуге қатысушыларға ақ тілектерін айтып кетті. Бұл шара нағыз поэзия мерекесі ғана емес, мәдени құндылықтарды қалыптастыру алаңына айналды. Соңында қатысушыларға алғыс хаттар табыс етілді.