Республикалық «Үздік сынып жетекшісі» байқауының қалалық кезеңінде 1 орынды 3 «Ә» сыныбының сынып жетекшісі Бақытбекқызы Іңкәр иеленді. Байқау аясында педагог өзінің кәсіби қызметінің нәтижелерін, оқушылармен және ата-аналармен жұмыс жасау жолдарын көрсету керек болды. Қазір Іңкәр Бақытбекқызы облыстық кезеңде Рудный қаласының намысын қорғап жатыр. Сондықтан оған табыс пен жеңіс тілейміз