14 маусымда мектеп бітіруші түлектерге аттестат тапсыру рәсіміне арналған «Жолың болсын жас түлек» атты салтанатты мереке өтті. Биыл мектепті 52 түлек бітірді. Айта кетерлігі бар оқушылар шығармашылық, спорттық, интеллектуалдық сайыстар мен байқаулардың жеңімпаздары. Осы уақыт ішінде балалар оқуда жоғары нәтижелерге қол жеткізді. Амиржанов Дулат «Алтын белгі» төс белгісінің және ерекше үлгідегі аттестаттың иегері. Омарханова Аяулым мен Тарасов Кирилл ерекше үлгідегі аттестатқа ие болды. Стефанович Доминика мен Колбанова Сәуле спорт шебері. Барлық түлектердің жетістіктерін тізіп шығуға да болады. Түлектерге ең бастысы алға ұмтылып, алға қойған мақсаттарына, армандарына жетулеріне тілектеспіз.