24 мамырда мектепте «Білім – Отаныма!» атты жалпыұлттық бірыңғай сынып сағаты өтті. Сынып сағатының мақсаты – оқушылардың ұстаздық еңбегіне деген құрметін, білім алуға құштарлығын және оқу жылындағы жетістіктерін объективті бағалай білуді дамыту.
Бұл күні 9 және 11 сынып түлектеріне «Мен. Мектеп. Ұстаз» тақырыбында эссе жазу ұсынылды (балалық шақтан тәуелсіз өмірге көшу туралы ойлары, болашағы туралы, мектепке деген тілегі туралы).