29.04.2023 жылы «Үздіксіз білім берудегі мұғалім» бағдарламасы аясында «Мұғалім болу заманауи ма?» атты тақырыпта облыстық дебат турнирі өтілді. Мектеп намысын «Шамшырақ» педагогикалық отряд мүшелері тағы бір мерейлі ете білді. Облысымыздың түкпір-түкпірінен жиналған пікірсайысшылар өз өнерлерін ортаға салып, түрлі тақырыптарда сөз саптап шеберліктеріне тәнті етті.
Нәтижесінде:
«Үздік спикер» — Омаров Айдынбек;
«Мақсатты спикер» — Балғабаева Айгерим;
Командалық есепте І орынға ие болды. Қатысушылар арнайы алғыс хаттармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
21.04.2023 күні мектебіміздегі «Шамшырақ» педагогикалық отрядының мүшесі Есимова Аяжан 7«Ә» сынып оқушыларымен биология пәні бойынша іс-шара өткізді.
Іс-шара мақсаты:Оқушылармен жұмыс жасай отырып,олармен тіл табысу.
Сабақтың тақырыбы:«Өсімдіктердің вегетативтік жолмен көбеюі»
Сабақ мақсаты:Өсімдіктердің вегетативті жолмен көбею тәсілдерімен танысу.
Сабақ барысында оқушылар өсімдіктердің өсімді жолмен көбеюін меңгеріп, өсімдіктердің көбею және даму процесімен танысты. Оқушылар оқу процесін мұқият меңгеріп, сабаққа бар ынталарымен белсене қатысты. Сабақ соңында оқушылар өсімдікті вегетативті көбейту әдісін практика жүзінде меңгерді. Оқушылар бірге гүл өсіндісін отырғызып, керемет әсер алды. Оқушылар кері байланыс жасай отырып, сабақ процесін мұқият меңгерді. Сабақ өте қызықты әрі көңілді өтті. Оқушыларға ұнады деген ойдамын. #шамшырақ13 #педотряд13
20.04.2023 күні
Мектеп түлектері Акимжанова Амина мен Балгабаева Айгерим «Шамшырақ» педогогикалық жасағының тапсырмасы бойынша 11»Ә» сыныбымен іс шара өткізді .
Іс шара аясында «Мен кім?» атты ойын ойнатылды. Ойын мақсаты алған білімді бекіту, сыныптағы ауызбіршілікті нығайту, сабақты қызықты өткізу және тәжірибе алмасу болды.
Нәтижесінде :
Саддылаев Нұркен 1 орын;
Рахматулла Ақбота 2 орын;
Сыбаев Асылхан 3 орын;
Нурмаханбетова Жанарай 4 жүлделі орынға ие болды.
18.04.23 күні мектебіміздегі «Шамшырақ» педагогикалық отрядының мүшесі Садыллаев Ербол 10″ә» сынып оқушыларына геометрия пәні бойынша іс шара өткізді.
Іс шараның негізгі мақсаты оқушылармен жұмыс жасай білу, олармен тіл табысу болып саналады. Іс шара процесінде «Сфера теңдеуі» тақырыбына шолу жасалып, wordwar сабақты түсіну ретінде өткізілген болатын. Оқушыларға өте түсінікті және қызықты өтті десемде болады. #педотряд13 #шамшырақ13
18.04.23 күні мектебіміздегі “Шамшырақ” педогогикалық отрядының мүшелері Азираева Жаннур мен Омаров Айдынбек,7 „ә” сынып оқушыларына география пәні бойынша іс шара өткізді. Іс шараның негізгі мақсаты болашаққа сабақ болатындай етіп,балалармен жұмыс жасай білу,тіл табысу болып саналады. Іс-шара процессінде “Көлік инфақұрылымы” тақырыбына шолу жасалып,kahoot ойыны өткізілген болатын.Оқушыларға қызықты әрі танымды болды.
#шамшырақ13 #педотряд13
«Бүгінгі күннің ұстазы»
Көкек айының 11-ші жұлдызында мектебімізде «Шамшырақ» педогогикалық отрядының отырысы өтті.
Іс-шара барысында отряд мүшелері екі топқа бөлініп «Бүгінгі күннің ұстазы» тақырыбында ментальды карта толтырып өз ойларымен бөлісті. Сонымен қатар, Қамысты ауданында өтілетін дебат сайысына дайындық жұмыстарын жүргізді.
Мектеп директоры педагогикалық отряд мүшелеріне ақыл кеңесін беріп, алдығы пікірталас сайысына сәттілік тіледі.
Өткізуші: Рақымжанов И.Ғ.
31.03 «Шамшырақ» педагогикалық отрядтың қатысуымен облыстық онлайн «Педагогикалық кьюбингке» қатысты. Оқушылар кейс құрудың, оны шешу жолдарымен таныса отырып, өз біліктіліктерін дамыту алды. #педотряд13
27.01.2023 жылы Рудный қаласы Б. Майлин атындағы √ 7 мектеп-гимназиясы қабырғасында болашақ педагогтарға арналған іс — шара өткізілді. Аталмыш шарада «Темірқазық» педагогикалық клуб мүшелері арнайы пункттер бойынша өз жұмыстарының жылдық есебі көрсетілді. Іс-шара «Оқуға құштар мектеп», экологиялық — кәсіптік, мұғалімге тән көркем мінез айдарлары бойынша өтілді. Мектебіміздің «Шамшырақ» педагогикалық отряды қатынасып өздерінің таным деңгейі жоғары екенін көрсете білді. Болашақ ұстаздарға шығармашылық өрлеу, мамандықтарына адал болуын тілейміз. Аталмыш іс — шараны өткізген Рудный қаласы Б. Майлин атындағы √ 7 мектеп-гимназиясына алғыс білдеріміз.
21.01.2023 жылы Қостанай қаласы Назарбаев зияткерлік мектебі қабырғасында жоғары сынып оқушылары үшін “Педагогикалық мамандыққа гайд” атты іс – шара өтілді. Іс-шараға мектебімізде құрылған Шамшырақ педодрядтың мүшелері Балғабаева Айгерим, Амиржанов Дулат, Стефанович Доминика қатысып ұстаздық жолдың қыр-сырымен танысты. Өте жоғары деңгейде ұйымдастырылған. Бірнеше кезең бойынша өтілді. Алғашқы да зияткерлік мектебі бойынша экскурсия жасалса, екінші кезеңде педагогика саласының үздік спикерлері сөз сөйлеп оқушыларды мұғалімдік қызметке шабыттандырды. Соңғы бөлімде оқушылар таңдау пәндері бойынша жекелей кеңестер алып, интелектуалды сайыстарға қатысып, белсенділік танытты. Болашақ педагогтарға сәттілік тілейміз! Еліміздің үздік ұстаздары атануына тілектеспіз! @kymbatbirmanova @shinarvalieva
Бүгін, 12.01.23 мектептің жас мамандары , 10-11 сынып оқушылары және Сражатова Н.Д мен Рақымжанов И.Ғ бірлесе отырып, педагогикалық отрядтың кезекті отырысы өткізілді. Аталмыш кездесуде оқушылар өздерінің алдағы уақытта отрядтың атауын, ұранын және эмблемасын талқылады, бірнеше креативті идеаларды қолға алған жастар өзінің ұсыныстарын білдірді. Алдағы уақытта өз мамандығын болашаққа бағдар ала отырып, педагогикалық отрядтың мүшесі болған жас мамандар мен жоғары сынып оқушыларының өз құзыреттіліктерін жоғарлатады деген сенімдеміз. #педотряд13
19.12.2022 жылы мектеп директорының қатысуымен педагогикалық отрядтың 10-11 сынып оқушылардың және жас амамандардың қатысуымен бірінші кездесу өтті. Кездесу барысында мектеп директоры Валиева Шынар Көбенқызы оқушылар мен педагогикалық жұмысын бастап жатқан мұғалімдермен жұмыс проектісімен, оның мақсаттары мен күтілетін нәтиже бойынша түсіндірме жұмысы жүргізілді. #педотряд13
Біз мақтан тұтатын жастар
Бүгін біздің № 13 жалпы білім беретін мектебіміздің қабырғасында маңызды оқиға болды. Біздің болашақ педагогтарымыз — 10-11 сынып оқушылары, жас маман мұғалімдер «үздіксіз білім берудегі Педагог»облыстық жобасының қатысушылары болды. Жоба жетекшісі-педагогика ғылымдарының магистрі, білім басқармасының әдістемелік кабинетінің басшысы Набатникова Т.И. Жобаның миссиясы: мұғалімнің үздіксіз білім алуға дайындығын дамыту. Осы жобаға қатысқан оқушыларға «командалық білім беру» және «көшбасшылық» тақырыптары бойынша психологиялық тренингті басшының орынбасары Сәуле Қалабайқызы Дастанбаева өткізді. Балалар тренингке белсенді қатысты. Жобаның қатысушылары-табысты оқушылар, олимпиадалардың, ғылыми конкурстардың, спорттық жарыстардың жеңімпаздары-білім берудегі, мектептегі оң өзгерістерді көріп отырғанын атап өткен жөн. Ал мектептің заманауи креативті педагогтары олар үшін үлгі болып, мамандық таңдауға әсер етті.
Жоба қатысушыларына кәсіби қолдау көрсететін директордың орынбасары Сражатова Надежда Даниярбекқызы және Рахимжанов Исламбек Ғалымжанұлы болады. Сізге сәттілік тілейміз!