Мамандық таңдау-әрбір жоғары сынып оқушысының алдында тұрған маңызды қадамдардың бірі. Қандай мамандықтар бар? Қандай мамандықтар танымал? Мамандықтарды «маңызды» және онша емес деп бөлуге бола ма?
Осы және басқа да сұрақтарға ҚР ПМ РУМЦДО ұйымдастырған «Кәсіптер калейдоскопы» челленджі жауап беруге көмектеседі.
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Рудный қаласының білім бөлімі» ММ.
Мектеп оқушылары да шетте қалмады және «кәсіптер калейдоскопы»кәсіптік — бағдарлау челленджіне қатысу үшін бейнесюжет дайындады.
“Жас мамандар мектебі”
Ағымдағы оқу жыл жас мамандарды қолдау, педагогикалық көмек көрсету мақсатында аталған іс-шара ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында жас мамандар қысқа мерзімді сабақ жоспарын тиімді құру, оқу үрдісін дұрыс ұйымдастыру жайында пікір алмасып, тапсырмалар орындады. Сонымен қатар, оқушыларды оқыту мен тәрбиелеудің жаңа формаларын, әдістері мен тәсілдерін пысықтады. Білім беруде қолданылатын заманауи білім беру технологияларымен таныстырылды.
Және де “Үздік жас маман – 2022-2023” байқауының талаптарымен түсіндірме жұмысы жүргізілді.
Өткізуші: Рақымжанов И.Ғ., Оспанова С.М.
4 және 5 қаңтарда Испамбетова Л.В басшылығымен Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған коучинг өтті: «Оқу мақсатына сәйкес сабақтың мақсаттарын қалай дұрыс қою керек» тақырыбы белсенді қозғалды. Коучингте мұғалімдер Блум таксономиясын жоспарлаудың мақсаты мен міндеттерін қою дағдыларын дамытты. Лидия Васильевна мұғалімдерге МЖМБС сәйкес сабақ мақсаттарын дұрыс қоюға көмектесті.
Зерттеусіз әрекет жоқ
әрекетсіз зерттеулер жоқ”
Курт Левин #методсовет13
2022 жылдың қараша айында мектепте “Білім берудегі жаңа тәсілдер: іске асыру процесі” педагогикалық кеңесі өтті. Кеңесте Келесі мәселелер қарастырылды:
Оспанова С. М., Анучкина Л. Н., Тиянакова К. А., Тулекеева А. С.