13 — 27 ақпан аралығында Рудный қаласының білім бөлімі ұйымдастырған жас мамандар арасында “болашақ мұғалімі” қалалық кәсіби шеберлік байқауы өтті. Мадибиева Даяна Эриковна байқауға қатысып, жүлделі 1 орынға ие болды.
Байқаудың мақсаттары мен міндеттері мұғалім мамандығының беделін арттыру және нығайту; педагог-тәлімгер мен жас педагог арасында тәжірибе алмасуды жандандыру; білім беру саласындағы жастардың мансаптық ұмтылыстарына жәрдемдесу; шығармашылық педагогтарды анықтау және қолдау болды.
Конкурстық тапсырмалардың ішінде педагог пен тәлімгердің өзара іс-қимылы бойынша материалдар ұсыну, пән бойынша ашық сабақ өткізу, сыныптан тыс іс-шаралар мен спорттық жарыстар өткізу болды.
Педагогтердің кәсіби құзыреттілігін дамыту, кәсіби шеберлігін арттыру, өзін-өзі жүзеге асыру үшін жағдай жасау, дарынды педагогтарды анықтау және қолдау мақсатында 2023 жылдың 1 ақпаны мен 31 наурызы аралығында “Педагогикалық дебют”педагогтардың кәсіби шеберлік конкурсы өтуде. Бұл байқауға 0 жылдан 3 жылға дейінгі тәжірибесі бар сынып жетекшілері қатысады. Жеребе бойынша әр сынып жетекшісіне тәрбие іс-шарасының бағыты бекітілді. Бүгін 25 ақпан Қожабекова г. К. сынып жетекшісі 7а1, Жаңабаева А. К. сынып жетекшісі 5а1 сыныппен ашық сыныптан тыс іс-шара өткізді.Айта кету керек, балаларға өткізілген іс-шараның форматы ұнады, барлығы қуана қатысты. Байқау қазылар алқасы мектептің әкімшілік құрамынан тұрады. Өз кезегінде қазылар алқасының мүшелері іс-шараның оң жақтарын және педагогты атап өтіп, ұсыныстар берді.
«Болашақ мұғалімі» қалалық байқауы аясында Ағылшын тілі мұғалімі Д.Е. Мадибиева 7 «А» сыныбында «Air travel» тақырыбы бойынша сыныптан тыс іс — шара өткізді.
Бұл сабақтың мақсаты Электрондық білім беру ресурстарын пайдалана отырып, «Travelling» тақырыбы бойынша білімді кешенді қолдану, коммуникативтік дағдыларды дамыту, елтану саласындағы білімді кеңейту, оқушылардың тілдік құзыреттілігін арттыру болды.
«Болашақ мұғалімі» қалалық байқауы аясында Ағылшын тілі мұғалімі Д.Е. Мадибиева 7 «А» сыныбында «Air travel»тақырыбы бойынша сыныптан тыс іс-шара өткізді.
Бұл сабақтың мақсаты Электрондық білім беру ресурстарын пайдалана отырып, «Travelling» тақырыбы бойынша білімді кешенді қолдану, коммуникативтік дағдыларды дамыту, елтану саласындағы білімді кеңейту, оқушылардың тілдік құзыреттілігін арттыру болды.
Оқу жылының басынан бастап тәлімгер А. Сахарчук жас маман Д. Е. Мадибиевамен бірлескен жұмыс жүргізілуде.
Ментор ЖЖИ-ді зерделеуге, ФО-ға басшылықты, пәндік бағдарламаларды зерделеуге, пок және БЖБ құрастыруға көмек көрсетеді
«Болашақ мұғалімі» қалалық байқауы аясында Ағылшын тілі мұғалімі, жас маман Д.Е. Мадибиева 7 «А» сыныбында «Өнер. Перспектива». ашық сабақ көрсетті. Сабақта оқушылар перспектива сияқты ұғымдармен танысты, оның пайда болу тарихын және өнерде қолданылуын білді, сөздік қорын кеңейтті. Сараланған оқыту технологиясы қолданылды.
6.01.2023 жылы «Жас мамандар мектебі» айдары бойынша мектебіміздегі жас ұстаздарға «Оқу үрдісіндегі заманауи технологиялар» атты іс-шара өткізілді.
3 кезеңді қамтыды. Олар:
1) қысқа мерзімді сабақ жоспарын құру;
2) оқытудағы әдіс-тәсілдер;
3) білім берудегі технологиялар.
Педагогтар іс-шара барысында өте белсенді қатысып, топтық жұмыс барысында оқытудағы әдіс-тәсілдермен бөлісіп, талдау жасады. Жәнеде «Joyteka» бағдарламасы бойынша тапсырлар орындап, өздері платформаны қолдануды үйренді.
Өткізген: мектеп тренерлері Рақымжанов И.Ғ., Оспанова С.М.
02.12.2022 жылы ІІІ қалалық жас педагогтар арасында «Жас таланттар вернисажы» атты байқауы өтті.
Сыбан Аян Арманұлы сол байқауға қатысып, жүлделі 2 — ші орынды иеленді.
Аян Арманұлын және де жас маман ретіндегі жетекшісі Исламбек Ғалымжанұлын құттықтаймыз. @islamrakhymzhanov @ayan_armanuly