30.01.2023 жылы «Білім берудегі жаңа тәсілдерді жүзеге асыру процессі» атты мектеп әдістемелік семинары аясында 5«А» сыныбында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі А.С. Садыкова «Тәуелсіз елдің Астанасы» атты ашық сабақ өткізді. Мақсаты: оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру мен қалыптастырушы бағалауға бағытталған.
01.02.23ж. “Қазақ әдебиеті” пәнінен 8 “Ә1” сыныбымен қазақ тілі мен қазақ әдебиеті мұғалімі Сабитова Гүлбану Жанайдарқызы ашық сабақ өткізді. Сабақтың тақырыбы “Бала Бауыржан”. Оқушылар сабақта белсене ат салысып, сабақта қойылған мақсатқа жетістікпен жетті.
27.01.2023 жылы «білім берудегі жаңа тәсілдер: іске асыру процесі» атты мектеп әдістемелік семинары аясында 8 «Б» сыныбында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Д.Т. Мусина «Еліміздің тарландары. Әбілхан Қастеев». тақырыбында ашық сабақ өткізді. Бұл сабақтың мақсаты зерттеу және оқу сауаттылығына бағытталған. Сабақ барысында оқушылар өз бетінше жұмыс істеді, оқылғаннан қажетті ақпаратты алды, сондай-ақ ұсынылған тақырып туралы өө ойын жеткізді. Мұндай шеберлікке ие болу әр оқушыға сабақ барысында мақсатқа жетуге, білімі мен мүмкіндіктерін кеңейтуге мүмкіндік береді.
«Білім берудегі жаңа әдістерді: іске асыру процесі» атты мектепшілік семинар аясында 26.01.2023 күні 8 «Ә1» сыныбында география пәнінен Рақымжанов И.Ғ., зерттеу сабағын өткізді. Зерттеу тақырыбы: Формативті бағалау. Мақсаты: оқу үрдісінде қалыптастырушы бағалау және оның техникаларын тиімді пайдалану. Сабақ процесі барысында оқушылар жеке, жұпта, топта бірлесіп тапсырмаларды орындады. Сонымен қатар, жаңа инновациялық технологиялардан «Quizlet» бағдарламасы қолданылды. Бұл оқушыларлың цифрлық сауаттылығын арттыруға көмек береді. Оқушылар сабақ басында қойылған оқу мақсаттарына жетіп, кері байланыс жасады.
«Білім берудегі жаңа тәсілдер: іске асыру процесі» мектеп әдістемелік семинары аясында 8 » Б » сыныбында Орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі М.Т. Жабакова 24.01.2022 жылы Орыс тілі пәнінен ашық сабақ өткізді. Бұл сабақтың мақсаты формативті критериалды бағалаудың қолданылуын зерттеуге бағытталған. Оқушылар жеке және топтық жұмыс дағдыларын көрсетті. Тапсырмалар сөйлеу, оқу, жазу, айту нормаларын сақтау сияқты дағдыларды дамытуға бағытталған. Формативті критериалды бағалау арқылы олар өз қызметінің нәтижесін анықтады.
22.12.2022 күні 4 «Ә» сынып оқушыларымен қазақ тілі пәнінен » Қысқарған сөздер» тақырыбы бойынша ашық сабағы өтті. Оқушылар тарапынан белсенділік жоғары деңгейде болды. Тапсырмаларға сай тиімді әдіс — тәсілдер қолданылды. Зерттеу сабағы өз мақсатына жетті. #исследованиеурока13
20 желтоқсанда 4 ” В ” сыныбындағы Сабақты зерттеу аясында орыс тілінің алғашқы сабағы өтті, сынып жетекші О.Н. Кубанская.Мұндай сабақтарда Білім жеке маңызды болады, ал оқушыны мұғалім өз білімін жасаушы ретінде қабылдайды. Сонымен, дәл осындай сабақтар бүгінгі таңда жаңа білім беру стандарттарын жүзеге асыруға мүмкіндік береді
5 “Ә” сынып ашық сабақ.
Тақырыбы: Бос уақыт
Сабақ барысы кезінде оқушылар белсенді болды.
Жұмыс түрі: жеке, топтық;
Топтық жұмыс кезінде 6-топ басшылары бос уақытты тиімді өткізу жолдарын ұсыну арқылы ерекшеліктерін көрсетті.
Қазақ тіліне деген қызығушылықтары, жаңа материалды қабылдау және игеру үрдісі артты.
28.11.22-02.12.22 аралығында математика, физика және информатика пәндерінің «білім берудегі жаңа тәсілдер :іске асыру процесі» атты ашық сабақ апталығы өтуде. Ашық сабақты математика пәнінің мұғалімі Ж. Б. Қалиева 10 » ә » сыныбында өткізді
Өзінің алғашқы Ашық сабағын сабағын жас маман, информатика пәнінің мұғалімі А.Г. Мутахан 9 «Ә» сыныбында «білім берудегі жаңа тәсілдер :іске асыру процесі»жалпы мектептік семинары аясында өткізді. Балалар оқу үдерісіне қызығушылықтарын көрсетті.
5 “Ә” сыныбы, математика
29.11.22
Зерттеу сабағы №1
Тақырыбы: «Жай бөлшектер мен аралас сандарды көбейту». Мақсаты:жай бөлшекті көбейту ережесін білу, бөлшекті натурал санға, аралас санға көбейту ережесін білу. Оқушылар сабаққа барлығы дерлік, жоғары деңгейде қатынасты. Сабақта оқушылар жаңа тақырып бойынша жеке, жұптық жұмыстар жасады. Оң нәтижеге қол жеткізді. #исследованиеурока13
“Сабақты зерттеу” – мұғалімнің кәсіби шеберлігін арттырудағы қажетті тәсіл
2022 жылдың 15 қарашасында біздің мектепте “білім берудегі жаңа тәсілдер: іске асыру процесі” әдістемелік семинарының практикалық бөлімі басталды. “Биогеохист” ҚМ жас мамандары мен педагог – модераторлары оқыту мен оқытуды жетілдіруге және білім сапасын арттыруға бағытталған “сабақты зерттеу” тәсілін іске асыра бастады.
Оқу процесін ұйымдастырудың негізгі формасы сабақ болып табылады, өйткені сабақта мұғалім мен оқушының бірлескен оқу қызметі жүзеге асырылады, оқу жағдайлары арқылы оқыту жүреді. Сондықтан белгілі бір пән бойынша оқытудың тиімділігі де, сапасы да сабақтың деңгейімен, оның мазмұнды және әдістемелік толықтығымен, жайлылығымен анықталады.