Салтанатты жағдайда мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары Симонова Т.М., Испамбетова Л.В., Тойғамбаева Ж.С., Маленкова Е.Я. 93 оқушыға үздік оқуғаны үшін мақтау қағаздарын табыс етті. Бір жыл бойы үздік оқушылардың оқудағы жетістіктері сыныптастарына үлгі болса, ұстаздар мен ата-аналар үшін мақтаныш болды. Мектеп әкімшілігі оқушыларға табыс пен жаңа жеңістер тіледі. Шабыт көзі келесі оқу жылында таусылмасын, күш-жігер әрқашан табысқа толы болсын!.