Осы оқу жылының алғашқы жартысында дебат үйірмесі қызықты болды.
Дебат ойыны балалардың сыни ойлау дағдыларын қалыптастырып, ақпаратты дұрыс талдап, командамен бірлесіп жұмыс жасауды үйретіп, оқушыларды қызықтырады.
2021-2022 оқу жылының алғашқы жартысы біздің дебат үйірмесі үшін табысты болды.
Дебатта жетістіктеріміз де бар. 09.10.2021 жылы
Тұңғыш Президент күні мен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Тәуелсіздік – әрбір қазақстандықтың мақтанышы» турнирінде
«Жігер» дебат үйірмесі қалалық пікірсайыста жүлделі үшінші орынға иеленді. Алдағы уақытта да біздің оқушылар жеңістері көп болады деп сенеміз.