8–15 шілде аралығында өткен геологиялық сайыстарда Georud командасы жарқырай көрінді!
7 мектеп-гимназиясы мен 13 мектептің біріктірілген Georud командасы Семей қаласында өткен ІІ республикалық далалық жас геологтар олимпиадасына қатысып, жақсы нәтиже көрсетті.
Оқушылар палеонтология, гидрология, магнитометрия, техника қауіпсіздігі, геологиялық қималар, спорт пен шығармашылық бағыттарында сынға түсті.
🏆 Жүлдегерлер қатарында:
▪️ Вильянова Виктория — 3-орын (палеонтология), 2-орын (шахмат), 1-орын (баскетбол)
▪️ Балғабай Алмат — 1-орын (дартс)
▪️ Геологиялық көрме, геологиялық ескерткіштерді қорғау, «Content time» байқауы — 2-орын
▪️ Волейбол жарысы — 3-орын
▪️ «Үздік визитка-сюрприз» номинациясы
▪️ Есимова Аяжан — Miss Геология – 2025 атағының иегері және 1-орын жеңімпазы.
🌟 Балаларға алғысымыз шексіз! Жеңістеріңіз көп болсын.