28 сәуір күні 11-сынып түлектерінің Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінің өкілдерімен кездесуі өтті.
Кездесу барысында оқушыларға университеттің білім беру бағдарламалары, қабылдау шарттары және студенттік өмірі туралы ақпарат берілді. Түлектер өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алып, болашақ мамандықтарын саналы таңдауға арналған пайдалы кеңестер алды.
Кездесу жылы әрі қызығушылыққа толы атмосферада өтті.