26 сәуір күні мектебіміз «Таза Қазақстан» республикалық акциясына қатысты!
Мектеп Парламентінің мүшелері мен мектеп ұжымы туған өлкеміздің көркеюіне өз үлестерін қосты: ағаштар отырғызып, аумақты қоқыстан тазартты және бордюрлерді ақтады.
Мұндай іс-шаралар қоршаған ортаны көркейтіп қана қоймай, табиғатқа деген сүйіспеншілік пен туған жердің тазалығына жауапкершілік сезімін қалыптастырады.
Таза әрі жасыл Қазақстан үшін бірге еңбек етеміз!