4 сәуір күні 9-сынып оқушылары РПТК Ашық есік күніне қатысты. Оқушылар сұранысқа ие мамандықтармен танысып, қызықты шеберлік сағаттары мен викториналарға қатысты.
Әрбір оқушы болашақ мамандықтың атмосферасына еніп, колледж оқытушылары мен студенттеріне өздерін қызықтырған сұрақтарын қою мүмкіндігіне ие болды. Іс-шара оқушылардың мамандықтар әлемі туралы түсінігін кеңейтіп, болашақ таңдауына ой салды.