2025 жылдың наурыз айынан бастап мектебімізде буллинг пен қысымға ұшыраған жағдайларда көмек алу мүмкіндігі пайда болды. Егер сізге қолдау қажет болса, кез келген уақытта «STOP BULLYING» QR-кодын сканерлеп, көмек сұрай аласыз.
Егер сіз қорлау, қорқыту, кемсіту немесе физикалық зорлық-зомбылыққа тап болсаңыз – бұл мәселені жалғыз шешуге тырыспаңыз! QR-кодты сканерлеп, сіз мамандардан құпия көмек ала аласыз.
Қалай істеуге болады? Өте оңай! Телефоныңыздағы камераны ашып, QR-кодқа бағыттаңыз және нұсқауларды орындаңыз.
Есіңізде болсын, сіз жалғыз емессіз – мектеп сізді әрдайым қолдауға дайын!
Осы акцияның ұйымдастыруын басқарған»Біз біргеміз!» волонтерлік тобы.