9 желтоқсан күні мектебімізде «Назар аударыңыз, ғимаратта өрт!» атты өрт дабылы бойынша оқу-жаттығу өтті. Мектеп оқушылары мен қызметкерлері эвакуацияға белсенді түрде қатысты.
Оқу-жаттығудың мақсаты — төтенше жағдай туындаған кезде іс-қимылдарды пысықтау. Оқушылар мұғалімдердің нұсқаулығымен қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып, оқу кабинеттерінен жедел және тәртіппен шықты.
Мұндай шаралар қауіп төнген жағдайда іс-әрекетті пысықтап қана қоймай, сабырлылық пен тәртіпті сақтаудың маңыздылығын еске салады. Біздің басты басымдығымыз — оқушылардың қауіпсіздігі!