Ағымдағы жылдың 25 қыркүйегінде шығармашылық және дарынды балаларға арналған облыстық «ДОДА» аймақтық ойындар лигасы өтті. Ойын 4 номинациядан тұрды: спорттық, интеллектуалдық сайыс, мобильді ойын және Жайдарман. Нәтижесінде балалар Жайдарман және Спорттық ойын номинациялары бойынша 1 орынды иеленді. Жалпы командалық 2 орын алды.