5 қазан халықаралық ұстаздар күні қарсаңында мектебіміздің «Шамшырақ» педогогикалық отряды педагогтер қауымын төл мерекелерімен құттықтап, ізгі тілектерін білдірді. Сіздерге бақыт, табыс, шаттық тілейміз!
Құрметті ұстаздар меркелеріңіз құтты болсын!
«Бейімбет Майлин атындағы №7 мектеп-гимназиясының қабырғасында «Ұстаздар күні» мерекесіне орай «Темірқазық» педклубының ұйымдастыруымен «Дарабоз» зияткерлік байқауы өтті.Бұл байқауға біздің мектебіміздің «Шамшырақ» педагогикалық отряды қатысты.Байқауға окушылар белсенді түрде қатысып,өздерін жақсы тұстарынан көрсетті.Ойын барысыңда оқушылар алғырлық пен тапқырлықты жақсы көрсетті.Әр оқушы өздеріне керемет әсер алып, өздерінің білімдерін,ұлттық рухани-мәдениетін дамытты.Оқушыларға барлығы ұнады.Байқау нәтижесі бойынша «Шамшырақ шырақтары» тобы белсене қатысқаны үшін мадақтамамен марапатталды және де керемет асық бейнесіндегі мүсін табысталды.Барлығы жоғары деңгейде өтті.Оқушылар оң әсер алды.
«Менің алғашқы сабағым»
4.10.2023 жылы «Ұстаздар мерекесі» қарсаңында ұйымдастырылған облыстық педагогикалық отрядтар арасында «Менің алғашқы сабағым» атты челенджге мектебіміздің «Шамшырақ» ұйымы қатысты.
Оқушылар педагогикалық жолдың алғашқы баспалдағына қадам басты. Сабақтарды жүйелі әрі сапалы деңгейде өтті.
Педагогикалық отряд мүшелерін сабақты жоспарлау, оны өткізу және ұйымдастыру кезеңдерімен таныстырылды. Сабақтар өте қызықты әрі танымды өткізілді.
«Менің алғашқы сабағым»
Мен Амиржанов Дулат, 04.10 күні 10ә сыныбына ағылшын тілі пәнінен сабақ берген болатынмын. Бұл сабақта біз жаңа сөздермен таныс болып, топтық жұмыс орындап, сабақ соңында тақырыпқа байланысты тапсырмалар орындаған болатынбыз. Жалпы, оқушылар сабаққа белсенді қатысып, өз өздерін көрсете білді. Сол үшін осы сабақты өткізуге мүмкіндік берген «Шамшырақ» пед отрядына алғысым шексіз!
4 қазан “Шамшырақ педагогикалық отрядының мүшесі Азираева Жаннұр «Менің алғашқы сабағым» атты челленджіне атсалысты.Сабақ барысында өткен сабаққа шолу, <Kahoot!> бағдарламасымен жұмыс өтті. Оқушылар сабақ соңында өз ойын білдіріп кетті.Бұл челлендж тәжірбие жинауға,өз қабілеттеріңді сынауға,зейінін ашуға мүмкін берді.
«Менің алғашқы сабағым»
Мен Омаров Айдынбек Шамшырақ
Педогикалық тобының мүшесі Ең алғашқы сабағым атты челендж бойынша бүгін 11 ә сыныбына география пәнінен сабақ бердім. Сабақтан өзіме өте жақсы әсер алып, болашаққа үлкен тәжірбие алдым. Алда осындай шаралар көп болғаны дұрыс деп есептеймін.
Выбор профессии – один из серьезнейших шагов, стоящих перед каждым старшеклассником. Какие есть профессии? Какие профессии пользуются популярностью? Можно ли делить профессии на «важные» и не очень?
На эти и другие вопросы поможет ответить челлендж «КАЛЕЙДОСКОП ПРОФЕССИЙ», который организован РУМЦДО МП РК.
ГУ «Отдел образования города Рудного» Управления образования акимата Костанайской области.
Учащиеся школы тоже не остались в стороне и подготовили видеосюжет для участия в профессионально — ориентационном челлендже.
«ІІ облыстық болашақ педагогтар слеті»
Мамыр айының 27-сі күні Әулиекөл ауданы С. Баймағамбетов атындағы мектеп-гимназиясы облыстық педагогикалық отрядтар слетін өткізді. Іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылған. Слет бірнеше бөлімді қамтылды. Атап айтсақ:
- Мерекенің ашылу салтанаты. Кеңес одағының батыры С. Баймағамбетовтің 80 жылдығына арнап гүл шоқтарын қою рәсімі. Одан кейін педагогикалық отрядтар қорытындысы бойынша марапаттау кезеңі. Және де болашақ педагогтар үшін мастермайнд өткізілді.
- Бұл бөлімде оқушылар орманды алқапта квест сайысына қатысып, түрлі тақырыптарда бақ сынасты. Жеңімпаздар мақтау грамоталарымен марапатталды.
- Қорытынды кезеңде болашақ педагогтар аллеясында ағаш отырғызып, табиғаттың көркеюіне өз үлестерін қосты.
Іс-шара оқушылардың көңілінен шықты, жақсы эмоциялар алып, жаңадан дос таба алды. Өздерін жаңа қырынан көрсетті.
Мерекені ұйымдастырушы С. Баймағамбетов атындағы мектеп-гимназиясына алғыс білдіреміз. @baimagambetov_mektep_gimnaziya #шамшырақ13
Мамыр айының 19-ы күні Қостанай педагогикалық колледжі қабырғасында облыстық педагогикалық отрядтар арасында «Табысқа жету сатысы» атты тақырыпта квест өткізілді. Атаулы шараға мектебімізден «Шамшырақ» отряды қатысып, жоғары деңгейде белсенділігін танытты. Іс-шара барысында оқушылар 3 станциядан өтті. Педагогикалық колледждің тарихымен танысып, мұражайына шолу жасап, психологиялық тренингте түрлі қызықты жаттығулар жасады. Оқушыларға квест ұнады, жағымды эмоция қалыптасты. Жоғары деңгейде ұйымдастырылған! Қостанай педагогикалық колледжіне өз алғысымызды білдіреміз!
19 мая в стенах Костанайского педагогического колледжа среди областных педагогических отрядов был проведен квест на тему «Iаг к успеху». В мероприятии принял участие отряд «Шамшырак» из нашей школы, который проявил активность на высоком уровне. В ходе мероприятия учащиеся прошли 3 станции. Ознакомились с историей педагогического колледжа, экскурсия в музей, приняли участие в интересных упражнениях на психологическом тренинге. Учащимся понравился квест, сложились положительные эмоции. Организовано на высоком уровне! Выражаем свою благодарность костанайскому педагогическому колледжу!
@kpk1love_inst
29.04.2023 жылы «Үздіксіз білім берудегі мұғалім» бағдарламасы аясында «Мұғалім болу заманауи ма?» атты тақырыпта облыстық дебат турнирі өтілді. Мектеп намысын «Шамшырақ» педагогикалық отряд мүшелері тағы бір мерейлі ете білді. Облысымыздың түкпір-түкпірінен жиналған пікірсайысшылар өз өнерлерін ортаға салып, түрлі тақырыптарда сөз саптап шеберліктеріне тәнті етті.
Нәтижесінде:
«Үздік спикер» — Омаров Айдынбек;
«Мақсатты спикер» — Балғабаева Айгерим;
Командалық есепте І орынға ие болды. Қатысушылар арнайы алғыс хаттармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
21.04.2023 күні мектебіміздегі «Шамшырақ» педагогикалық отрядының мүшесі Есимова Аяжан 7«Ә» сынып оқушыларымен биология пәні бойынша іс-шара өткізді.
Іс-шара мақсаты:Оқушылармен жұмыс жасай отырып,олармен тіл табысу.
Сабақтың тақырыбы:«Өсімдіктердің вегетативтік жолмен көбеюі»
Сабақ мақсаты:Өсімдіктердің вегетативті жолмен көбею тәсілдерімен танысу.
Сабақ барысында оқушылар өсімдіктердің өсімді жолмен көбеюін меңгеріп, өсімдіктердің көбею және даму процесімен танысты. Оқушылар оқу процесін мұқият меңгеріп, сабаққа бар ынталарымен белсене қатысты. Сабақ соңында оқушылар өсімдікті вегетативті көбейту әдісін практика жүзінде меңгерді. Оқушылар бірге гүл өсіндісін отырғызып, керемет әсер алды. Оқушылар кері байланыс жасай отырып, сабақ процесін мұқият меңгерді. Сабақ өте қызықты әрі көңілді өтті. Оқушыларға ұнады деген ойдамын. #шамшырақ13 #педотряд13
20.04.2023 күні
Мектеп түлектері Акимжанова Амина мен Балгабаева Айгерим «Шамшырақ» педогогикалық жасағының тапсырмасы бойынша 11»Ә» сыныбымен іс шара өткізді .
Іс шара аясында «Мен кім?» атты ойын ойнатылды. Ойын мақсаты алған білімді бекіту, сыныптағы ауызбіршілікті нығайту, сабақты қызықты өткізу және тәжірибе алмасу болды.
Нәтижесінде :
Саддылаев Нұркен 1 орын;
Рахматулла Ақбота 2 орын;
Сыбаев Асылхан 3 орын;
Нурмаханбетова Жанарай 4 жүлделі орынға ие болды.
18.04.23 күні мектебіміздегі «Шамшырақ» педагогикалық отрядының мүшесі Садыллаев Ербол 10″ә» сынып оқушыларына геометрия пәні бойынша іс шара өткізді.
Іс шараның негізгі мақсаты оқушылармен жұмыс жасай білу, олармен тіл табысу болып саналады. Іс шара процесінде «Сфера теңдеуі» тақырыбына шолу жасалып, wordwar сабақты түсіну ретінде өткізілген болатын. Оқушыларға өте түсінікті және қызықты өтті десемде болады. #педотряд13 #шамшырақ13
18.04.23 күні мектебіміздегі “Шамшырақ” педогогикалық отрядының мүшелері Азираева Жаннур мен Омаров Айдынбек,7 „ә” сынып оқушыларына география пәні бойынша іс шара өткізді. Іс шараның негізгі мақсаты болашаққа сабақ болатындай етіп,балалармен жұмыс жасай білу,тіл табысу болып саналады. Іс-шара процессінде “Көлік инфақұрылымы” тақырыбына шолу жасалып,kahoot ойыны өткізілген болатын.Оқушыларға қызықты әрі танымды болды.
#шамшырақ13 #педотряд13
«Бүгінгі күннің ұстазы»
Көкек айының 11-ші жұлдызында мектебімізде «Шамшырақ» педогогикалық отрядының отырысы өтті.
Іс-шара барысында отряд мүшелері екі топқа бөлініп «Бүгінгі күннің ұстазы» тақырыбында ментальды карта толтырып өз ойларымен бөлісті. Сонымен қатар, Қамысты ауданында өтілетін дебат сайысына дайындық жұмыстарын жүргізді.
Мектеп директоры педагогикалық отряд мүшелеріне ақыл кеңесін беріп, алдығы пікірталас сайысына сәттілік тіледі.
Өткізуші: Рақымжанов И.Ғ.
31.03 «Шамшырақ» педагогикалық отрядтың қатысуымен облыстық онлайн «Педагогикалық кьюбингке» қатысты. Оқушылар кейс құрудың, оны шешу жолдарымен таныса отырып, өз біліктіліктерін дамыту алды.
27.01.2023 жылы Рудный қаласы Б. Майлин атындағы √ 7 мектеп-гимназиясы қабырғасында болашақ педагогтарға арналған іс — шара өткізілді. Аталмыш шарада «Темірқазық» педагогикалық клуб мүшелері арнайы пункттер бойынша өз жұмыстарының жылдық есебі көрсетілді. Іс-шара «Оқуға құштар мектеп», экологиялық — кәсіптік, мұғалімге тән көркем мінез айдарлары бойынша өтілді. Мектебіміздің «Шамшырақ» педагогикалық отряды қатынасып өздерінің таным деңгейі жоғары екенін көрсете білді. Болашақ ұстаздарға шығармашылық өрлеу, мамандықтарына адал болуын тілейміз.
21.01.2023 жылы Қостанай қаласы Назарбаев зияткерлік мектебі қабырғасында жоғары сынып оқушылары үшін “Педагогикалық мамандыққа гайд” атты іс — шара өтілді. Іс-шараға мектебімізде құрылған Шамшырақ педодрядтың мүшелері Балғабаева Айгерим, Амиржанов Дулат, Стефанович Доминика қатысып ұстаздық жолдың қыр-сырымен танысты. Өте жоғары деңгейде ұйымдастырылған. Бірнеше кезең бойынша өтілді. Алғашқы да зияткерлік мектебі бойынша экскурсия жасалса, екінші кезеңде педагогика саласының үздік спикерлері сөз сөйлеп оқушыларды мұғалімдік қызметке шабыттандырды. Соңғы бөлімде оқушылар таңдау пәндері бойынша жекелей кеңестер алып, интелектуалды сайыстарға қатысып, белсенділік танытты. Болашақ педагогтарға сәттілік тілейміз! Еліміздің үздік ұстаздары атануына тілектеспіз! @kymbatbirmanova @shinarvalieva
21.01.2023 года в стенах Назарбаев Интеллектуальной школы города Костаная для старшеклассников было проведено мероприятие “гайд на педагогическую специальность». В мероприятии приняли участие члены педагогического отряда «Шамшырак» Балгабаева Айгерим, Амиржанов Дулат, Стефанович Доминика, которые ознакомились с тонкостями педагогического пути. Мероприятие прошло на высоком уровне.. На первом этапе была проведена экскурсия по интеллектуальной школе, на втором этапе выступили лучшие спикеры педагогики, которые вдохновили учащихся на преподавательскую деятельность. В последнем разделе учащиеся получили индивидуальные консультации по предметам по выбору, приняли участие в интеллектуальных конкурсах и проявили активность. Желаем успехов будущим педагогам! Желаем стать лучшими учителями страны!
Бүгін, 12.01.23 мектептің жас мамандары , 10-11 сынып оқушылары және Сражатова Н.Д мен Рақымжанов И.Ғ бірлесе отырып, педагогикалық отрядтың кезекті отырысы өткізілді. Аталмыш кездесуде оқушылар өздерінің алдағы уақытта отрядтың атауын, ұранын және эмблемасын талқылады, бірнеше креативті идеаларды қолға алған жастар өзінің ұсыныстарын білдірді. Алдағы уақытта өз мамандығын болашаққа бағдар ала отырып, педагогикалық отрядтың мүшесі болған жас мамандар мен жоғары сынып оқушыларының өз құзыреттіліктерін жоғарлатады деген сенімдеміз.
19.12.2022 жылы мектеп директорының қатысуымен педагогикалық отрядтың 10-11 сынып оқушылардың және жас амамандардың қатысуымен бірінші кездесу өтті. Кездесу барысында мектеп директоры Валиева Шынар Көбенқызы оқушылар мен педагогикалық жұмысын бастап жатқан мұғалімдермен жұмыс проектісімен, оның мақсаттары мен күтілетін нәтиже бойынша түсіндірме жұмысы жүргізілді.
Біз мақтан тұтатын жастар…
Бүгін біздің № 13 жалпы білім беретін мектебіміздің қабырғасында маңызды оқиға болды. Біздің болашақ педагогтарымыз — 10-11 сынып оқушылары, жас маман мұғалімдер «үздіксіз білім берудегі Педагог»облыстық жобасының қатысушылары болды. Жоба жетекшісі-педагогика ғылымдарының магистрі, білім басқармасының әдістемелік кабинетінің басшысы Набатникова Т.И. Жобаның миссиясы: мұғалімнің үздіксіз білім алуға дайындығын дамыту. Осы жобаға қатысқан оқушыларға «командалық білім беру» және «көшбасшылық» тақырыптары бойынша психологиялық тренингті басшының орынбасары Сәуле Қалабайқызы Дастанбаева өткізді. Балалар тренингке белсенді қатысты. Жобаның қатысушылары-табысты оқушылар, олимпиадалардың, ғылыми конкурстардың, спорттық жарыстардың жеңімпаздары-білім берудегі, мектептегі оң өзгерістерді көріп отырғанын атап өткен жөн. Ал мектептің заманауи креативті педагогтары олар үшін үлгі болып, мамандық таңдауға әсер етті.
Жоба қатысушыларына кәсіби қолдау көрсететін директордың орынбасары Сражатова Надежда Даниярбекқызы және Рахимжанов Исламбек Ғалымжанұлы болады. Сізге сәттілік тілейміз!
Молодежь, которой мы гордимся…
Сегодня в стенах нашей общеобразовательной школы #13 состоялось важное событие. Наши будущие педагоги — учащиеся 10 — 11 классов, учителя — молодые специалисты стали участниками областного проекта «Педагог в непрерывном образовании». Руководитель проекта — Набатникова Т.И. магистр педагогических наук, руководитель методического кабинета Управления образования. Миссия проекта: развитие у педагога готовности к непрерывному образованию. Психологический тренинг для учащихся, вступивших в данный проект, по темам «Командообразование» и «Лидерство», провела Дастанбаева Сауле Калабаевна — заместитель руководителя. Ребята активно участвовали в тренинге. Приятно отметить, что участники проекта — успешные ученики, победители олимпиад, научных конкурсов, спортивных соревнований — видят позитивные перемены в образовании, в школе. А современные креативные педагоги школы стали для них примером и повлияли на выбор профессии.