26 мамырда бастауыш сыныптарда жазғы мектепке келу басталды: 2 сыныптан 4 сыныпқа дейін. Окушыларға арналған сабақтар дүйсенбіден жұмаға дейін жүргізіледі. Оқу «Математика», «Қазақ тілі», «Ағылшын тілі», «Орыс тілі», «Әдебиеттік оқу» сияқты негізгі оқу пәндері бойынша өтеді. «Жазғы мектеп аясындағы сабақтар сынып санына қарамастан белсенді өткізіледі. Бұл балалар үшін тамаша мүмкіндік. Әркім өзінің білімдегі олқылықтарын толтыра алады немесе жаңа білім алады. Оқу қызықты форматта икемді кесте бойынша өтеді.Күн сайын балалар сынып жетекшілерімен бірге сабаққа үлкен қызығушылықпен келеді.
Жазғы мектеп жобасы аясында 1″Ә» сынып оқушылары өз білімдерін толықтыруда.Сабақ үстінде тест тапсырмалары мен шығармашылық сипаттағы дидактикалық материалдарды пайдаланып,топпен,жұппен,жеке жұмыс жасап окушылар қызыға қатысуда. Максаты: окушылардың білімін жетілдіру,олқылыктарды толықтыру.
Назар аударыңыз! «Мектепті демалыста оқу» акциясын жариялаймыз. Мақсаты: кітап оқуға деген қызығушылықты арттыру, ақпараттық және оқу мәдениетін арттыру, сонымен қатар жазғы демалыс кезінде балалар мен жасөспірімдердің интеллектуалдық және шығармашылық бос уақытын ұйымдастыру. Қатысушылар: 1-11 сыныптар. Акция 01 маусымнан 22 тамызға дейін жалғасады. Сіздерді акцияға белсенді қатысуға шақырамыз. Жазғы демалыста оқитын кітабыңыз туралы шағын бейнематериал арқылы айтып беріңіз Немесе кітап оқып отырған фотосуретіңізді бөлісіңіз.
Оқу сапасын арттыру және шектеу шаралары кезеңіндегі білімдегі жіберілген олқылықтардың орнын толтыру мақсатында «Жазғы мектеп» жобасы аясында 4″ А» сынып оқушылары қазақ тілінен өз білімдерін толықтыруда.Мақсаты:Оқу бағдарламаларын қайталау, және бекіту сабақтары арқылы оқушылардың білімдерін жетілдіру,олқылықтардың орнын толтыру болып табылады.Оқушылар сабақ барысында әр тақырыпта қызықты тапсырмалар орындайды,жұппен ,жеке жұмыстар жасайды.Жалпы оқушылардың пәнге деген қызығушылықтары өте жақсы