Нұр-Сұлтан қаласындағы «Bilim-orkenieti» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығы ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына орай Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты бағдарламалық мақаласын педагогтері мен білім алушылардың арасында кеңінен насихаттау мақсатында өткен «Білімді ұрпақ-тәуелсіздігіміздің тірегі» атты республикалық эссе байқауына қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі Есентемірова Базаргүл Төлеуқызы 5 «А» сынып оқушысы Бакирова Любаны қатысырып жеңімпаз аттандырғаны үшін марапатталды. Оқушының шығармасы үздік эсселер кітап жинағына енгізілді.
Есентемірова Базаргүл Төлеуқызы Ыбырай Алтынсаринның 180 жылдығына арналған «Ұлы даланың дара ұстазы» атты республикалық қашықтық олимпиадасы қатысып екінші орынға ие болды. Базаргүл Төлеуқызы «Абырой» интеллектуалды білім порталы ұйымдастырған Республикалық «Үздік сыныптан тыс іс-шара» байқауына қатысып,жүлделі бірінші орынға ие болды. .